"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Қарағай ағашының қурау себептері

27.10.2026

 Мектебіміздің 7 сынып оқушысы Нұрсайын Айсәуле «Зерде» байқауының іріктеу кезеңінен өтіп,  облысқа жолдама алды.

Нұрсайын Айсәуле қарағай ағашының қурау себептерін жан-жақты зерттеп, топырақ ылғалдылығының шамадан тыс артуы неізгі себеп болатынын анықтады. 

Оны қатар өсіп тұрған қарағай мен қайыңды салыстыру арқылы талдап зерттеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты – қарағай ағаштарының қурауына әсер ететін басты себептерді анықтау және олардың алдын алу жолдарын ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

  • Қарағай ағашының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу
  • Қурауға әсер ететін факторларды анықтау
  • Экологиялық және антропогендік әсерлерді талдау
  • Алдын алу шараларын ұсыну

Өзектілігі:

Қазіргі кезде қарағайлардың қурауы экологиялық мәселеге айналып отыр, сондықтан оның себептерін зерттеу қажет.

Зерттеу гипотезасы:

Қарағай ағаш неге жаппай қурап жатыр? 

Егер қарағайға ылғал шамадан тыс көп берілсе, онда оның тамыр жүйесі зақымданып, ағаш қурай бастайды.

 Зерттеу әдістері:     

  1. Бақылау
  2. Салыстырмалы талдау
    • Қарағай мен қайың ағашын салыстыру арқылы зерттеу
  • Қалыпты және ылғалды топырақта өсіп тұрған қарағайларды салыстыру
  1. Есептеулер жүргізу
  • Қураған ағаштың пайыздық үлесін есептеу
  1. Топырақ талдауы
  • pH деңгейін анықтау
  1. Әдебиеттерге шолу
  • Зерттеулерді талдау
  1. Сұхбаттасу
  2. Эксперимент 
  • Қарағай көшеттерін әртүрлі pH ортасында өсіру. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қарағай ормандарын сақтау үшін топырақтағы ылғал деңгейін реттеу, қоршаған ортаның ластануын азайту, әсіресе қышқыл жаңбырдың алдын алу шараларын күшейту қажет.

 

Ылғалдылықтың алдын алу үшін ұсыныстар:

  • Артық суды бұру: Егер аумақта су жиналатын болса, арық  қазып, суды басқа жаққа бағыттау
  • Ауру ағаштарды уақытында жою: Қураған немесе ауру ағаштарды кесіп, орманнан шығару
  • Орманды сирету:  Әлсіз, ауру ағаштарды кесіп, орманды сирету — ылғалдың жиналуын азайтады.
  • Жас көшеттер отырғызу,  отырғызу орнын дұрыс таңдау

Қорытындылай келе, қарағай ормандары – табиғаттың маңызды бөлігі, сондықтан олардың қурауының негізгі себептерін анықтап, дер кезінде алдын алу – экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың басты шарттарының бірі болып табылады.

Просмотров: 31

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст